Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сәуір
2021

«ЧЕРНОБЫЛЬ — АДАМЗАТ ҚАСІРЕТІ»

«ЧЕРНОБЫЛЬ — АДАМЗАТ ҚАСІРЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хатына сәйкес мектебімізде «Чернобыль — адамзат қасіреті» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Сынып сағатының мақсаты – ядролық қарудың өркениетті күйретуші күш екендігін айқындау; адамзат алдында әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған қазақстандық жа­уынгер-залалсыздандырушылардың жан­кешті еңбегімен таныстыру.

Чернобыльдегі ядролық апат барлық мемлекеттерге ащы да қайғылы сабақ болды және ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен Жер шарын ядролық қарудың барлық түрінен азат ету – дүниежүзілік қоғамдастықтың басты мақсаты болып табылатынын тағы бір дәлелдеді.

Сынып сағатында оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Ядролық апаттың адамзат тарихындағы қасіретін бағамдап, одан сабақ алудың мән-маңызын атап өтті.