08
желтоқсан
2022
«ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АШЫЛМАҒАН АҚИҚАТЫ» тақырыбындағы КЕЗДЕСУ
16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 2022 жылдың 8 желтоқсан күні «Желтоқсанның ашылмаған ақиқаты» тақырыбында Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Шалтықов Мүсілім Қабылқайұлы және Құрмансейтов Бауыржан Абайұлымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы жайлы жастарға түсінік беру, желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың өмір жолдарымен танысу.
Кездесуде тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында сөз болды.
Кездесу соңында оқиға куәгерлері тарихқа шынайы бағасын бере отырып, қазіргі тәуелсіздігімізді қадірлеп, оны келер ұрпаққа аманат қылуды ұлағат етті. Тәуелсіздік біздің бар байлығымыз екенін жастарға ұғындырып, өз бастарынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, жиынға жиналған қауым желтоқсан оқиғасына қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жеткізді. Қонақтарға мектеп әкімшілігі атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.