Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қараша
2022

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТТІ

Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері ЮНЕСКО көлемінде EDUHUB платформасында арнайы әзірленген «Мектепте зорлық-зомбылық пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбындағы онлайн курстан өтті. Мектеп ұжымы курс бағдарламасы бойынша дайындалған модуль тапсырмаларын орындап, арнайы сертификаттарға ие болды.

Мектеп оқушылары арасындағы буллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу — қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бул­лингті мектеп деңгейінде тө­мен­де­ту шаралары бул­линг­тің алдын алу бойынша бағ­дар­ламаларды ен­гі­зуді, ата-ана­ларды тартуды, тәр­­тіптік әдіс­тер­ді қолдануды, мек­­теп­тегі әлеу­меттік ахуалды жақ­сартуды, бала­ларды қадаға­лау­­ды қамтиды.

Ұлттық деңгейде кешенді стра­­тегиялар мен алдын алу бағ­дар­ламалары, жоғары ақпа­рат­тан­­дыру, сондай-ақ буллинг пен ки­бербуллинг құрбандарына қол­дау көрсету қызметін дамыту ма­ңызды.