Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қазан
2022

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, жүрекжарды лебізімізді білдіреміз.

Ұстаздық – бұл мамандық қана емес, ерекше, әрі ұлы миссия. Сіздер өздеріңіздің жанқиярлық және қажымас еңбектеріңізбен, үнемі шығармашылық ізденістеріңізбен мемлекеттің өркендеуіне елеулі үлес қосудасыздар. Біздің балаларымыздың, бүкіл елдің болашағы сіздердің жоғары кәсібиліктеріңізге, орасан зор рухани күштеріңіз бен даналықтарыңызға байланысты.

Жауапкершілік, педагогикалық шеберлік, сезімталдық, мейірімділік пен сенім үшін алғыс айтамыз! 

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және шығармашылық табыс тілейміз!